22 наурызда Мәскеуде болған жағдайды АҚШ 7 наурызда ескерткені рас па?
Шын мәнінде АҚШ елшілігі 7 наурызда Мәскеуде шабуылдар қаупі туралы ескерту жариялаған. Ол АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі сайтында жарияланған. Алайда ескертуде сақ болу керек деп алдағы 48 сағат айтылған. АҚШ билігі де 7 наурызда ескерту жасадық, бірақ дәл 22 наурыздағы оқиғадан хабардар болмадық деп отыр.
Ал оқиғадан кейін елшілік өкілдеріне «Крокус Сити Холлдағы» террорлық шабуыл АҚШ елшілігінің 7 наурыздағы ескертуімен байланысты ма?» деген сұрақ қойылған. АҚШ елшілігі барлау мәселелеріне түсініктеме берілмейтінін хабарлады. Алайда қауіпсіздік мәселелері жөнінде АҚШ Ресей билігімен қарым-қатынаста екенін мәлімдеді. «Біз әлі де бүгінгі шабуыл туралы ақпарат жинап жатырмыз», — дейді дипломаттар.
Атыстан 14 сағат өткенде шабуылдаушылар туралы мәлімет әлі жоқ, алайда кейбір деректер бойынша, Украина мен Беларусь шекарасындағы Теплый ауылының маңында тоқтатылған көлік туралы хабар тарап жатыр. Төртеуі жасырынып, екеуі ұсталғаны туралы мәлімет бар. Алайда бұл әзірше ресми мәлімет емес. Ресей президенті Путин бұл уақытта әлі мәлімдеме жасамады.