Ресейде 24 наурыз ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Владимир Путин ел азаматтарына арнаған видеоүндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.
Ресей президентінің айтуынша, террорлық шабуылға қатысы бар төрт адам ұсталды. Ол Ресейге қарсы шабуыл жасағандар жазаланатынын айтты. Путин зардап шеккендерді ауруханаларға жеткізген Төтенше жағдайлар қызметі мен ресейліктерге алғыс айтты. Сондай-ақ Ресей басшысы барлық зардап шеккен азаматқа көмектесуге уәде беріп, қаза тапқандардың отбасын көңіл айтты.