2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары.
А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ
А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.
А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Аурудың белгілері — дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.
Инкубациялық кезең — 14-тен 35 күнге дейін.
А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады
ВАКЦИНАЦИЯЛАУ А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНЕН ҚОРҒАЙДЫ
Вакцинациялауға жатады:
— екі жастағы балалар;
— инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.
ГЕПАТИТ ИНФЕКЦИЯСЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ:
— тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;
-ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;
-ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.