KAZINFORM – Биылғы қаңтар айында Қостанай облысына такси жүргізушісіне шабуыл жасалған. Ер адам жүргізушіні тонамақ болған, ал жүргізуші полицияның патрульдік көлігін қағып кеткен.
Оқиға 7 қаңтарға қараған түні болған. Көліктің артында отырған мас адам жүргізушінің мойнына пышақ кезеп, 20 мың теңге көлемінде ақша талап еткен.
Бірақ такси жүргізушісі әдейі қатар келе жатқан полиция көлігіне соғылған. Нәтижесінде қаскөй ізін жасыруға тырысқанымен полиция қызметкерлері оны ұстап алды.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы оған мүлкі тәркіленбей, 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші мен оның өкілі сотталушының келтірілген залал мен моральдық шығынды толық өтеуін ескере отырып, сотталушыны қатаң жазаламауды сұрады.
Сотталушы кінәсін мойындап, шын жүректен өкініп, жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өз еркімен өтеген.
Айыпталушы кінәсін мойындап, өкініп, жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өз еркімен өтеген.
Нәтижесінде сот сотталушыны кінәлі деп танып, 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.