KAZINFORM — Әзербайжандық сейсмологтар Каспий теңізінде магнитудасы 3,0 болатын жер сілкінісін тіркеді.
Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының сейсмологиялық қызмет орталығының жер сілкінісін зерттеу бюросы хабарлады.
Жер сілкінісі 24 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:47-де Каспий теңізінде, «Сиязань» сейсмологиялық стансасынан шығысқа қарай 220 шақырым жерде тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы 28 шақырым тереңдікте орналасқан.