. Алматы тұрғындары мен қонақтарына Димаш Құдайберген, «Алашұлы», Ulytau тобы, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Ерке Есмахан, Мөлдір Әуелбекова, Қайрат Нұртас, Қаракат Әбілдина, Дильназ Ахмадиева, Ерлан Рысқали, Тамара Асар, Айгүл Елшібаева, «Жігіттер» тобы, AYAFUNK, ALPHA, Akha, Yenlik және басқа да көптеген танымал орындаушы өнер көрсетті. Жаңбырлы ауа-райына қарамастан, көрермендердің көңіл-күйі көтеріңкі болды. Мегаполис тұрғындары мен қонақтары танымал ұжымдар мен орындаушылардың өнерін ыстық ықыласпен қарсы алды. Айтпақшы, Наурызнама кезеңінде алматылықтар мен мегаполис қонақтарына 500-ден астам түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: қолөнершілер мен қолданбалы өнер көрмелері, кітап жәрмеңкесі, қойылымдар мен концерттер, қайырымдылық іс-шаралар, жастар фестивальдері, заманауи дизайндағы ұлттық киім, зияткерлік ойындар мен спорттық жарыстар ұлттық спорт түрлері. Сондай-ақ, қаланың әр ауданында тақырыптық іс-шаралар мен концерттер өткізілді.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды