Сауда министрі Арман Шаққалиев биыл елімізде пияз бағасы қымбаттамайтынын айтты.
Өткен жылы жиналған пияздың уақыты өтті. Сол себепті оның бағасы төмен болады. Қазіргі таңда көтерме-бөлшек сауда орнында 1 келі пияз 12 теңгеден 60 теңгеге дейін бар. Ол пияздың сапасына байланысты, — деді Шаққалиев.
Министр бүгінгі таңда Ауғанстан және Пәкістанға 71 вагон пияз экспортқа жібергенін айтты. Сөзінше, тағы 10 вагон жіберіледі.