2023 жылғы тамыз айында Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты билікті асыра пайдалану оқиғасы орын алған болатын.
Аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен ҚР Қарулы күштерінің қатарынан босатылады.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ортадағы жарғыға жат қатынастарды анықтап, олардың жолын кесу мәселелері Қарулы күштер басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтеміз. Олардың көріністерінің барлық нысандары бойынша құқықтық және тәртіптік шаралар қолданылады.
Қарулы күштерде мұндай құқық бұзушылық фактілері бірен-сараң ғана екенін айта кету керек. Бұл тұрғыда бірде-бір жағдай назардан тыс қалмайды. Тергеу іс-шаралары барысында қылмыстық қудалау органдарына толық көмек көрсетіледі.
Трендте
- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды