17 наурызда Бөкей орда ауданының Мұратсай ауылының оқушылары трактор тіркемесіне отырғызылып, тас жолға жеткізілді. Балалар Орал қаласына ақылы сынақ тестілеу тапсыруға бару үшін жолға шыққан . БҚО әкімдігінің хабарлауынша, он бірінші сынып оқушыларының ата-аналары оқушыларды Сайқын-Өнеге-Орал тас жолына дейін жеткізу туралы жеке тұлғамен өздері келіскен. Бұл туралы олар жергілікті әкімдікке де, полицейлерге де ескертпеді дейді. Алайда тас жолға дейін жеңіл көлік жүре алмайтын лай болса болса ауыл адамдары трактормен жетпесе басқа амалы бар ма? Мұндайда жағдайда мектеп директоры мен ауыл әкімі не істей алады? Бұған БҚО әкімдігі мен Бөкей Орда ауданының әкімі мен орынбасарлары кінәлі емес пе? Шортандар құтылып, шабақтар тұтылатын заманда ауыл әкімі мен мектеп директорын жазалау орынсыз деп есептейміз. Мұндай оқиғалар еліміздің түкпір-түкіпірінде орын алып жатқаны өтірік емес. Биік мінберлерден барлығы «жақсы» деп үйренген басшылар кінәсін мойындап, ауылға жол салып берсе игі еді.