2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған.
Осы кезеңде су тарту қызметтерінің бағасы жылына 33,9%-ға өсті, бұл басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда жоғары болып отыр. Осыған ұқсас бағаның өсуі мынадай коммуналдық қызметтерде де байқалады:
орталықтандырылған жылыту – 30,9%;
салқын су – 30,8%;
қоқыс шығару – 30,7%;
ыстық су – 29,4%;
электр энергиясы – 19,9%.
Жоғарыда аталған қызметтердің бағасының өсуі қызмет көрсету саласындағы орташа бағаның өсуінен бірнеше есе жоғары. Ал ұялы байланыс қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 12,4%-ға өсті.