Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жабық сот отырысы басталды. Онда алқабилер алқасына кандидаттар іріктеледі.
Жоғарғы cоттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас Facebook-тегі парақшасында отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылатынын айтты.
Осы ретте Жоғарғы сот өкілі журналистерге алқабилер алқасын фото-видеоға түсіруге тыйым салынғанын еске салды.