Республикалық және 12 облыстық штабтар орналастырылды. Сенім телефоны жұмыс істеуде және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Жергілікті әкімдіктер, полиция және төтенше жағдайлар органдары су басқан нысандарды сорып алу және хабарламаларды қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстар жүргізуде. 94 адам эвакуацияланды. Барлығы 2,5 мың қызметкер мен 693 техника, 288 суды сорып алу қондырғылар жұмылдырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс прокурорлары мен уәкілетті мемлекеттік органдарға бірлесіп тұрғындардан түсетін сигналдарға барынша ден қою және су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге жедел шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.