Жамбыл облысының Жуалы ауданында екі айдан бері іздестіріліп жатқан екінші балықшының денесі табылды. Марқұмның мәйітін ауыл тұрғындары жағадан тауып алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Құтқарушылардың айтуынша 37 жастағы балықшының денесі толқыннан жағаға шығып қалған. Ал екінші балықшының денесі бір ай бұрын дронның көмегімен табылған. Құтқарушылар ақпан айының аяғында іздеуді тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені айдынның бетін қалың мұз басып қалған. Еске салайық, 11 қаңтар күні ауылдың екі азаматы балық аулауға Билікөлге барған. Сол сәтте қатты жел соғып, қос балықшы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.
«Жергілікті тұрғындар екінші балықшының денесін тауып алып судан шығарды. Бұл балықшыларды құтқару 10 -19 ақпан аралығында жүрген. Және қалыптастасқан мұзға қарай іздеу аяқталған болатын. Қазіргі медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», — Жамбыл облысы ТЖД басқарма бастығы Жалғас Әбдуәлиев.