Бір түнде Қорғаныс министрлігінің әскери ұшқыштары Қостанай облысындағы 140-қа жуық адамды эвакуациялады.
Құтқару жұмыстарына Ми-171Ш, Ми-17 және Ми-8 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары кірісті.
Екі тәулік ішінде апатты аймақтан көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың экипаждары Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне 240 адамды, оның ішінде 60-тан астам баланы жеткізді.
Түнде құтқару жұмыстарын жүргізуге тек Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына ғана рұқсат етілгенін атап өткен жөн. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясы Алматыдан Оралға Төтенше жағдайлар министрлігі 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін жеткізді.
Айта кетейік, Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қостанай, Абай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті тұрғындарына Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері көмек көрсетіп жатыр.
Бұған дейін Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан асып, теміржол вокзалы маңын су басқанын хабарлаған болатынбыз.