Ресей Еуроодақ пен АҚШ-тағы тыйым салынған активтерін пайдалана отырып, Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған мұнай-газ жобаларындағы шетелдік компаниялардың акцияларын сатып алуы мүмкін деген болжам бар.
«Менің айтарым: Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанаққа (мұнай және газ кен орындары) алдағы жылдары Ресей иелік етеді. Екі ықтимал жағдай болуы мүмкін. Біріншісі – ол жерден Батыс компаниялары кетеді. Олардың орнына ресейлік, қытайлық және қазақстандық компаниялар келеді. Ал екінші сценарий бойынша Батыс компаниялары жергілікті тәртіпке бағынып жұмыс істейтін болады. Бірақ олар елден кетуге мәжбүр болуы мүмкін», — дейді Петр Своик сұхбатында.
«Сарапшының сөзінше, активтерді Ресейге беру ең дұрыс шешім», — деп жазылған Fedpress.ru материалында.» Себебі Ресей мен Қазақстан саяси стратегиялық байланыста және әлеуметтік, экономикалық салада тұрақты жұмыс істеп тұрған, 7 мыңға жуық шақырым шекараны бөліп тұрған мемлекеттер». дейді.
Осылайша бұл бастаманың басында қазақстандық тараптың өзі тұрған болуы мүмкін екені айтылады. Ресейлік сарапшы Игорь Юшков мұндай өзгеріс кімге тиімді екенін айтып берген.
«Каспий құбырының жұмысындағы ақаулар Ресейге қарсы жалпы санкциялар енгізілсе, Батыс тек ресейлік мұнайдан ғана емес, қазақстандық мұнайдан да айырылуы мүмкін екенін көрсетті. Ресей акционер болса, Қазақстан үшін бұл тәуекелдер жойылады. Ресей Каспий құбыр консорциумы қалыпты жұмыс істеуін, кен орындарының игерілуін және қазақ мұнайының экспортталуын қамтамасыз етуге мүдделі болады», — дейді сарапшы Fedpress.ru басылымына берген пікірінде.
Қазақстандағы жалпы мұнай өндірудің 80 пайызға жуығын АҚШ пен Батыс Еуропаның мұнай-газ алпауыттары игеріп жатқан Каспий теңізі аймағындағы Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған мұнай кен орындарында өндіріліп отыр.
DALA INSIDE бүкіл Қазақстан экономикасы КТК құбырына қарап отыр. Еліміз 2023 жылы 90 миллион тонна мұнай өндіріп, оның 70,5 миллион тоннасын экспортқа жіберген. Соның 56 миллион тоннасы КТК арқылы Еуропаға кетті. Теңіз кенішінен 27,4 миллион тонна, Қашағаннан 17,8 миллион тонна, Қарашығанақтан 9,6 миллион тонна КТК құбырына құйылды. Бір сөзбен айтқанда, КТК құбырына дәл қазір балама жоқ. Новороссийскідегі терминалға бомба түссе, қазақ экономикасы тоқтайтын болады. Одан Shevron, Shell, Eni сияқты алпауыттар да орасан зиян шегуі мүмкін деп болжайды.