Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақмола облыстарында 4 694 адам, оның ішінде 1 682 бала эвакуацияланды. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 447 адам, оның ішінде 180 бала эвакуацияланды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 6349 адам, 2192 бірлік техника, 689 бірлік су айдау құралы және 55 бірлік жүзу құралы, ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдардың 12 әуе кемесі жұмылдырылды