Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Корпорация Қазақстанда жалпы қуаты 1ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруға қатысып жатыр және жаңартылатын энергия көздеріне арналған мұнара, қалақ және гондола құрастыратын зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Sany Group Co. Ltd компаниясымен арадағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екеніне назар аударды. Атап айтқанда, елімізде арнаулы техникалар, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектерін шығаратын бірлескен өндірісті жолға қою перспективті саналады.
Қытай компаниясына Қазақстанда аймақтық R&D орталығын ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл орталық компанияның ЕАЭО нарығындағы қызметін ілгерілетуге септігін тигізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сян Вэньбоны биыл елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.