Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.
Сотта Айтбек Амангелді соққыға жығылған қарындасы Салтанат Нүкенованың суретін көрсетті.
Менің ойымша, мұнда жұдырықпен мақсатты түрде соққы жасалған. Мен Салтанаттың жағдайын көріп шошып кеттім. Ол маған бұл фотоларды жіберіп, хат жазды. Менің бірден оған хабарластым. Түн ортасы болатын, ол қоңырауды көтерген жоқ. Мен уайымдап, Қуандыққа қоңырау соқтым. Қуандыққа “не болып жатыр?”, “неге маған мұндай сурет жіберді?” деген сұрақ қойдым. Ол маған үйдің алдына кел, сөйлесіп, талқылайық деп жауап берді, – деді Айтбек Амангелді.
Амангелдінің сөзінше, Қуандық кіреберіс алдына шықпаған. Кейін 5-ші қабатқа көтеріліп үйге кірген. Онда Бишімбаевтың (еск — екінші некеден) қызы ашқан. Үй ішінде Бишімбаев та, Салтанат Нүкенова да болмаған.