Айтбек Амангелді фотосуреттен Нүкенованың бет-жүзі көргеннен көрген соң үйіне іздеп барып, қарындасын алып кетпек болған.
Салтанат пәтер есігін ашпады. Сол соққыдан қайтыс болып кетуі де мүмкін деген түрлі ойлар келді. Полицияға хабарластым. Келіп, есікті бұзуын сұрадым. Біраз уақыттан кейін Салтанат есікті ашты. «Заттарыңды жина да, кетеміз» дедім. Ол өзінің ересек адам екенін, Қуандықты жақсы көретінін және некені сақтап қалатынын айтты. Бұдан қаттырақ ұрса сені өлтіреді деп айттым, – деді Айтбек Амангелді сот отырысында