Козак Қазақстанда былтыр наурызда қамалған. Ақпаратқа қарағанда, оған Ресейде «терроризмді ақтау» бабы бойынша айып тағылып, іздеу жарияланған.
Козак 2018 жылы ФСБ-ның Архангельскідегі ғимараты алдында өзін-өзі жарып жіберген студент Михаил Жлобицкий туралы әлеуметтік желіде пост жазған. Осыдан соң оның үстінен «терроризмді ақтау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тінту жүргізілген. Козактың өзі ақпарат құралдарына «жазбасында Жлобицкийдің әрекетін ақтамағанын» айтқан.
3 ақпанда Денис Козак тергеу изоляторынан босап шыққан. Еуропа елдерінің көші-қон құрылымдарымен бір жарым айға созылған келіссөзден кейін ол осы аптада Қазақстаннан кете алған.