Бүгін Астанада халықпен кездесу барысында Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты қағидатын еске салды.
«МӘМС жүйесі — жинақтаушы емес және дербес шоттарды көздемейді, бірақ ынтымақтастық қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл медициналық көмекке жүгінбейтін азаматтардың жарналары жоғалып кетпейді, қайтарылмайды, бірақ емделуге мұқтаж басқа пациенттерге қайта бөлінеді дегенді білдіреді», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Бұл, әсіресе, құны 1 млн. теңгеден 40 млн. теңгеге дейінгі қымбат тұратын медициналық көмек көрсету жағдайларында, жинақтау жүйесі шеңберінде мүмкін емес айрықша технологияларды қолдану жағдайларында өте маңызды, деп қосты Ақмарал Әлназарова.