Алматыдағы тұңғыш президент саябағында тұрған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші туралы Азаттық сауалына қала әкімі аппаратының баспасөз қызметі осылай жауап берді.
«Қазіргі уақытта Алматы қаласы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның күн тәртібінде ескерткішті орнынан алуға қатысты мәселе жоқ» делінген жауапта.
Қазақстанды үздіксіз 30 жыл басқарғанда өзін және туыстарын қылмыстық қудалаудан қорғайтын арнайы заң қабылдатып алған Назарбаев билігі 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан соң шытынады. Алғаш боп Талдықорған жұрты оның ескерткішін құлатты. Іле-шала Қырғызстандағы ескерткіші тұғырынан тайды. Биыл қыста оның Астанадағы екі ескерткіші ел көзінен таса болды.
Ақпанның басында Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішінің тұғыры алынды. Дүрбелең кезінде құлаған ескерткіш қалпына келтірілмеді