«Мектептегі оқушылардың арасында да осы ойыннан хабары бар. Бұл мәселеге қатысты 8 университетке бардым. Жоғары оқу орындарында лудомандар көп екені, кейбір университеттерде олардың саны 30-40 пайызға дейін жететіні айтылып жатыр. Ерлер де, қыздар да ойнап жүр. Осыған байланысты оқу орындарының басшылығы заңды қатаңдату мәселесін көтеріп отыр», — деді Руслан Берденов Мәжілісте.