Алашорда қайраткерлерінің ішінде қарағайға қарсы біткен бұтақтай, жүрек жұтқан азаматтың бірі — Торғай облыстық Әскери кеңесінің төрағасы Мырзағазы Есболов. Мырзағазы 1929 жылы Мәскеудегі Бутырка түрмесінде жатқанда көргі камерадағы Міржақыпқа былай деп хат жазыпты: “Жауап басталды. Бірте-бірте бәрімізге де келеді ғой. Сондықтан мүмкін болғанша сөзді бір ізге салған жөн ғой. Көпірде түйенің үлкені таяқ жейді. Әлбетте, салмақ төртеуімізге [Байтұрсынов, Дулатов, Ғаббасов] түседі, бұл анық. Мен бұлай ойлаймын: біз кеңес жағындамыз. Қазақ үшін олардың болуы мүмкін пайдалы. Бірақ бұл сөздерден қазақтың бар мақсаты орындалды дей алмаймыз. Қужақ [Голощекин] барғаннан бастап, отаршылдық саясат басталып, жүріп жатқанын айту, қазақтың қолынан іс келетін азаматтарын бірін ұлтшыл, бірін бәлен деп партиядан айдап, ылғи оңбағандарды жинап алып, тап күресі деп отаршылдық саясат барлап жатқанын түгел айту. Міне, біз бұған қарсымыз, разы емеспіз. Бізді ұлтшыл деген — жапқан жала
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды