Үстіміздегі жылдың 30 наурызында елордада әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекте 40 878 азамат тұр.
Санаттар бойынша:
— жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;
— халықтың әлеуметтік осал топтары;
— мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер;
— жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтар.
2024 жылы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 3 382 пәтер беруді жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда 1 342 пәтер бөлінді