Әлемдегі су тасқыны қаупіне ең үздік қорғанысын жасап шыққан ел Нидерланды елі. 1953 жылы Солтүстік теңіздегі дауыл салдарынан тасқын болып 2 мыңға жуық адам қаза болып 40 мыңға жуық үй қирайды. Осыдан соң теңізге өте жақын орналасқан Нидерланды 47 жыл бойы дамбалар салумен айналсқан. Бұл мықты дамбалар теңіз суы көтерлігенде суды елді-мекендерге өткізбейді. Негізгі бөгеттердің ұзындығы 2,5 мың шақырым, ал көмекші бөгеттердің ұзындығы 13 мың шақырымды құрайды. Нидерландының бұл жобасы «Дельта» жобасы деп аталады. Теңіз тыныш кезде ашық тұрады. Дауыл тұрып су деңгейі көтерілген бастағанда дамбылар автоматты түрде жүйе сигнал беріп дамбылар жабылады. Бір қызығы жұмысына электр қуаты жел энергия станциялары арқылы алынады. Америка инженерлер қауымдастығы бұл дамбыларды әлемнің жеті кереметтерінің бірі деп санайды.