Оқиға Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 26 жастағы азаматтық қорғау сержанты жараланды
Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.
Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы мас күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.