Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдыұлы кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот отырысында прокурор айыптау актісін жариялады. Сатыбалдыұлына ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру) бойынша айып тағылды.
«Құрметті сот, толық мойындаймын», — деп жауап берді Қайрат Сатыбалдыұлы.