Олжас Бектенов қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беруге шақырды
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы қаралды.
«Қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беріп, олардың нұсқауларын орындауларын сұраймын. Бұл адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Эвакуациялау – бірінші кезекте, Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етуге бағытталған!» — деді Премьер-Министр.
Олжас Бектенов зардап шеккендердің ешқайсысы мемлекет тарапынан көмексіз қалмайтынын атап өтті.
Үкімет басшысы отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.