Батыс аймақтарды су аздап төмендеген, бірақ орталық, солтүстік, шығыс аймақтарда керісінше өзендердегі су деңгейі көтеріліп келеді.
Бұл туралы 2 сәуірдегі үкімет отырысында төтенше жағдай вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.
Вице-министрдің сөзінше, қазір Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облысында жағдай қиын. Сондықтан қазір осы аймақтарға құтқарушылар мен техникалар көптеп жіберілген.
Сыздықовтың сөзінше, қазір тасқыннан құтқару жұмыстарына 11 мыңнан аса адам мен 4 мыңнан аса техника жұмылдырылған. Ол егер жағдай қиындаса, қорғаныс министрлігінен тағы қосымша көмек сұрайтындарын жеткізді.
2 сәуірдегі жағдай бойынша Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Абай, Ұлытау, Ақмола, Атырау облыстарында барлығы 20 елдімекенде төтенше жағдай жарияланған.
Сыздықовтың сөзінше, тасқыннан қазірге дейін 15786 адам (оның ішінде 6187 бала) эвакуацияланған.
ТЖМ мәліметінше, қазір елдің бес облысында 1405 тұрғын үй, 372 аула, 99 саяжай және он ғимарат су астында қалған. 50 елдімекенге жол жабылған.