Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери шерулер өткізілмейтінін мәлімдеді.
«Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған.
Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдық болып табылады», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде де, 9 мамыр – Жеңіс күнінде де әскери шеру өткізу жоспарда жоқ екенін атап өтті.