Таңертең Бәйтерек ауданының ауылына үлкен су келді.
Бәйтерек ауданының Махамбет (бұрынғы Жданово) ауылын су басты. ТЖД мәліметінше, даладан еріген су ауылға келіп, адамдар эвакуацияланып, мал қауіпсіз жерге айдалды.
Ауыл тұрғындары су өте тез келді дейді.
– 31 отбасын біз таңертең су ағып жатқан кезде эвакуацияладық. Олардың ішінде екі отбасы жергілікті мектепте орналасқан эвакопунктте, қалғандары туыстарына кетті. Еріген су 27 үйдің ауласына кірді. Қауіпсіз жерге қуылған мал саналды. Ал, Павлово және Горбуново ауылдарын су басқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады аудан әкімдігі.
Сонымен қатар, Теректі ауданы Ұзынкөл ауылынан тұрғындар эвакуацияланды, ол жерде 150-ге жуық ер адам қалды.
5 елді мекенді су басу қаупі бар: Ұзынкөл, Юбилейный, Кемер, Жаңа Өмір және Барбастау.Осыған байланысты құтқарушылар халықты алдын ала эвакуациялады.
ТЖД басқарма бастығы Нұралы Мусиевтің айтуынша, арнайы техника су басу орнында және тікелей қауіп төнген жағдайда қалған тұрғындарды шығарып алады.