Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккен өңірлерге көмек және қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Барлық өңірдің Достық үйлерінде штабтар, волонтерлік орталығы мен гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ұйымдастырылған.
ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының өкілдері (Аналар, Ақсақалдар, Медиация кеңестері және т.б.) зардап шеккендерді, полиция мен ТЖД қызметкерлерін, құтқарушыларды азық-түлікпен, ыстық тамақпен, киіммен, қажетті тауарлармен (дәрі-дәрмектер, санитарлық-гигиеналық тауарлар, шаруашылық тауарлары, матрацтар, жастықтар және т. б.) қамтамасыз етуде.
Олар материалдық-қаржылай көмек, сондай-ақ қажетті техника (тиегіштер, камаздар, самосвалдар, экскаваторлар) ұсынып, өңірлердегі «Ассамблея жастары» мүшелері, волонтерлік орталықтар мемлекеттік органдар мен ТЖМ қызметкерлеріне белсенді түрде жәрдем беруде. Сондай-ақ, эвакуациялық пункттерде, штабтарда қолдан келгенінің бәрін жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, тұрғындарға іс-әрекеттер алгоритмі бар парақшаларды табыс етеді.
Республикалық штаб үйлестіретін өңірлік штабтар мен волонтерлік орталықтар «Жомарт Жан» Қазақстан халқы Ассамблеясының орталықтары жанында жұмыс істейді.
Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі ҚХА республикалық штабының басшысы болып ҚХА Төрағасының Қоғамдық орынбасары Акбаржон Исмаилов болып табылады.
Оның құрамына ҚХА-дан сайланған Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары», волонтерлер мен демеушілер кірді.
Қайырымдылыққа 30 млн теңгеден астам қаражат жиналды.
2024 жылғы 3 сәуірде елордалық Достық Үйінің ғимаратында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтарының бірлескен онлайн отырысы өтеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында Қарағанды және Ақмола облыстарына гуманитарлық жүк жөнелтіледі. Жобаның мақсаты табиғи апаттардан зардап шеккендерге арнайы гуманитарлық көмек көрсету болып табылады.
Жоба аясында ҚХА, «Ассамблея жастары» және Қазақстан халқы Ассамблеясының Еріктілер орталықтарының мүшелері азық-түлік, алғашқы уақытта қажет болатын заттар, жылы заттар жеткізіп, зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді.
Зардап шеккен өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларға ақпараттық қолдау ұйымдастырылды. Осылайша, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде 2500-ден астам материалдарды жарияланып, танымал өңірлік пабликтерге таратылды. Ақпараттық жұмысқа этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдары және «Ассамблея жастары» өкілдері жұмылдырылды.
Baimedia.kz