Энергетика инфрақұрылымын дамыту үшін Энергетика министрлігі 2 бағытта жұмыс жүргізеді. Біріншісі — ол 55 жылу орталықтарында жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізу, екіншісі – 6,5 мың шақырым инженерлік инфрақұрылымдарын жөндеу. Саладағы ірі мекемелерде күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға 400 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінеді Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында мәлімдеді.
«Бұл жөндеу жұмыстары осы саланың сапалы жұмыс істеуіне ықпал етеді. Жалпы бұл жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бұның алдында берілген тапсырмаларға сәйкес, инвестиция тарту, «Инвестицияны тарифке айырбастау» бағдарламасына сәйкес жүріп жатқан негізгі жасалған жұмыстарын айтсақ, ол әрине, салаға инвестиция тарту үшін ең алдымен тариф арқылы қайтару мәселесі. Сондықтан Министрлік 1- қаңтардан бастап жылу беру, электр энергия шығаратын станциялардың тарифын орташа есеппен 20 %-көтерді», — деді вице-министр.