2024 жылғы 4 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (Қарағанды, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 860 метр болатын су тасқыны орын алды.
3 облыстағы (Ақтөбе, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолдарында (ұзындығы 221 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 284 бірлік техника мен 301 адам жұмылдырылған.