Ислам Сұңқардың айтуынша, Қазақстанда 1 км-ге такси бағасы – 0,67 доллар (шамамен 300 теңге).
«Яндекс.Таксидің» өз жүргізушілерінен алатын комиссиялық төлемі – 11%-дан 17%-ға дейін. Таксопарктерге беретін тағы 4% комиссиясы бар», — деді мәжіліс депутаты бүгінгі отырыста.
Оның айтуынша, Қазақстанда 200 мыңнан астам адам «Яндекс.Такси» жүргізушісі болса, оның 50 мыңы бұл қызметті негізгі табыс ретінде, ал қалған 150 мыңы қосымша жұмыс ретінде қарастырып отыр.
«Қазақстандықтардың жұмыстағы негізгі табысы жеткіліксіз», — деді депутат.