Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 2023 жылы үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына сай, Шымкент көшелерінің шамамен 30 пайызы «қызыл сызыққа» ілінгенін айтады. Атқарушы билік оны қала аумағы кеңейіп, адам саны артуына байланысты қабылданған шешім деп түсіндіреді.
Қаладағы Елшібек батыр көшесінің кеңеюіне байланысты оң жақ беттегі барлық ғимарат «қызыл сызыққа» түскен. Әкімдік кей тұрғындарға бұл туралы ескерткен, кейбіреулерге хабарламаған. Олар жалғыз баспанасы мемлекет қажетіне деп алынса, далада қаламын ба деп уайымдайды.
Архитекторлар «қызыл сызыққа» түскен үйге мемлекеттен тиісті өтемақы берілетінін, егер сүрілетін мүліктің иесі оның мөлшеріне келіспеген жағдайда сотқа жүгіне алатынын айтады.