Заң жобасы аясында мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу негіздемелері жетілдірілетін болады. Осы мақсатта мұндай сатып алулар үшін негіздер 46-дан 44-ке дейін қысқартылды. Қағаз және (немесе) электрондық мерзімді басылымдарды, сондай-ақ мамандандырылған авиациялық жөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу бойынша қызметтерді сатып алу алынып тасталды.
Сонымен қатар бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың шекті мәндері: тауарларға – 100 АЕК-ке дейін, жұмыстар мен қызметтерге – 500 АЕК-ке дейін, ауыл әкімдіктері үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге – 3000 АЕК-ке дейін белгіленген.
Міндетті сатып алуды конкурстық әдіспен өткізу талабы да алынып тасталады.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.