Бұл елдімекендердің азық-түлік дүкендерінде азық-түлік қоры алдын ала ұйымдастырылған.
Бүгінгі таңда су тасқыны салдарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жұмыстары жалғасуда.
4 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның ішінде 2 мың бала. Эвакуациялық пункттерде 1 мыңнан астам адам орналасқан, қалған 3853 адам туыстарында орналасқан.
Қазіргі уақытта 26 су өту учаскесі мен 51 шаю учаскесі бақылауда.
Көлік қатынасы жоқ 10 елдімекен. Бұл елдімекендердің азық-түлік дүкендерінде азық-түлік қоры алдын ала ұйымдастырылған.
3 мыңнан аса үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Облыс бойынша барлығы 804 773 м3 еріген су сорылды, 170 749 қап төселді, қазіргі уақытта 1979 адам, 365 бірлік техника, 76 бірлік мотопомпа тартылған.
Түнде негізгі жұмыстар, олар, Орал қаласы және Теректі, Бәйтерек аудандарында эвакуация, тұрғындарды құлақтандыру, қаптарды төсеу, мұздардың бір жерде жиналып қалуын болдырмау сияқты жұмыстар жүргізілді.
Ұлттық ұланның МИ-171 тікұшағымен Қаратөбе ауданы Үшана, Қоржын ауылдарына 2 тонна азық-түлік жеткізілді.
Ұзынкөл ауылында су басу қаупінен 705 адам эвакуацияланды, оның ішінде 230-ы бала. Орал қаласында саяжай алаптарында тұратын адамдар эвакуациялануда.