2023 жылы Алматыға 2 038 417 адам келді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,6% және пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 52,7% жоғары!
Шетелдік туристер саны 2022 жылмен салыстырғанда 29,5% өсіп, 540 744 адамға жетті. Бұл Қазақстанның басқа қалалары арасында рекордтық өсім! 2019 жылмен салыстырғанда шетелдік туристер саны 24,1% өсті.
Туристік индустрия да айтарлықтай табыс әкеледі: туризм саласына инвестиция 47,7% өсті, салық түсімі 64% артты. Бұл Алматының туристік бағыт ретінде тартымдылығының артқанын көрсетеді.
Туризм басқармасы атап өткендей, туристік белсенділіктің өсуі инфрақұрылымды дамытуды, жаңа жұмыс орындарын құруды және қызмет көрсету сапасын арттыруды ынталандырады. Алматы өзінің ерекше мүмкіндігімен және әсемдігімен тұрғындар мен қонақтарды тәнті етіп келеді!