Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 232 қаулысымен «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалар санаттарын жіктеу (таксономия) жүйесіне өзгерістер енгізілді.
Енді «жасыл» Таксономия газдан электр энергиясы мен жылу өндіру, отынды газға ауыстыру, сондай-ақ атом энергетикасы жобаларына қолданылады.
Сонымен қатар, «жасыл» Таксономия экономикалық қызмет кодтары, шекті мәндер және мысалдар бөлігінде жаңартылды.
«Жасыл» Таксономияның негізгі мақсаты жасыл қаржыландыруда, атап айтқанда, «жасыл» облигациялар шығару және «жасыл» кредиттер беру процесінде қолдану үшін жобалар мен активтердің санаттарын айқындауға жәрдемдесу болып табылатынын атап өтеміз.
«Жасыл» несиелер мен «жасыл» облигацияларды пайдалану жолдары келесідей:
1. «Жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2. АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО биржасының тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.