• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Әлем елдерінде су тасқыны жиілейді

Әлем елдерінде су тасқыны жиілейді

6 апреля, 2024 Жаңалықтар

Соңғы жылдары әлемде су тасқыны, лай көшкіні сияқты табиғи апаттар жиілеп кетті. Ғалымдар 2030 жылға таман табиғаттың тосын мінез көрсетуі қалыпты құбылысқа айналатынын айтады. Алапат су тасқындары тіркелуі мүмкін деп болжайды. Cloud to Street компаниясы мамандарының болмажы бойынша 2030 жылға қарай әлемде су тасқыны қазіргіден бетер жиілей түседі. Өз кезегінде БҰҰ өкілдері жыл сайын 560 табиғи апат тіркелетінін айтады. Бәрі климаттың өзгеруімен байланысты екен. Рет-ретімен бірер секундтан соң. ХХІ ғасырдың басынан жер жүзінде су тасқынынан зардап шеккендердің саны 24 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш ғалымдар болжағаннан он есе көп. Cloud to Street компаниясының мамандары жүргізген зерттеуіне сүйенсек, 2000-2018 жылдар аралығында болған су тасқындарының аумағы 2,23 миллион шаршы шақырымды құраған. Яғни әлемнің 169 елінде табиғи апат тіркелген. Соның салдарынан кемі 255 миллион адам зардап шеккен. Өкініштісі сол, бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп барады. Кейінгі апталарда жер бетінде болып жатқан алапат су тасқындары соның айқын көрінісі. Бірер мысал. Қазір Ресейдің 20-дан астам өңірі су астында. Алтай өлкесіндегі ахуал жан түршігерлік. 478 үй мен 2 мыңдай жер телімі бүлінген. 100 көпір мен 50 жолды су шайып кеткен. Қызыл суға байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланды. Ал Саратов облысында 24 өзен арнасынан асып, жергілікті қоймалардың су деңгейі қалыпты межеден 126 пайызға артып кеткен. Новосібір мен УльЯновск облыстарындағы жағдай осыған ұқсас. Су тасқыны салдары Ауғанстанда толассыз жауын-шашын мен тасқын салдарынан 7 адам ажал құшты. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, табиғи апаттан 500-ден астам үй бүлініп, 1500 гектар егістік алқабы жарамсыз болып қалған. Тасқын зардабын Түрікменстанмен шекаралас Фарияб, сондай-ақ Нангархар мен Дайкунди провинцияларының тұрғындары тартып отыр. Пәкістандағы Хайбер-Пахтунхва аймағында да тасыған су егістік жерлердің көбін түк қалдырмай шайып кеткен. 10 адам көз жұмып, тағы ондаған тұрғын зардап шеккен.   Адамдар белуардан су кешіп жүр Қазір Мадагаскарлықтардың да мазасы қашқан. Селдетіп құйған жаңбырдан халық белуардан лай су кешіп жүр. Өңірде алдымен қатты дауыл тұрып, арты жауын мен алапат су тасқынына ұласқан. Табиғат апатынан 18 адам опат болды. Кларк Фавьен, жергілікті тұрғын: — Үйімізді су шайып кетті. Барлық тұрмыстық жабдықтармыздың быт шыт болып бүлініп қалды. Асүйдегі астықтың бәрі дымқыл. Жағдайымыз өте нашар. Ертелі кеш нәр татпадық.   Мамандардың айтуынша, әлемнің түкпір-түкпірінде тіркеліп жатқан табиғи апаттар жаһандық жылынумен тікелей байланысты. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының дерегі бойынша дәл осы климаттың өзгеруі мен экстремалды ауа райынан шамамен соңғы 50 жылда табиғи апаттар саны бес есе артқан. Статистикаға жүгінсек, 1970 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта әлем бойынша 11 мыңнан астам табиғи апат тіркеліп, 2 миллионнан аса адам опат болған. Ал экономикалық шығын 3,5 триллион доллардан асады.

Источник: 24.kz

Оқылып жатыр

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсандағы боран кезінде жоғалып кеткен адамдарды…

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.