• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Хаммасы якшы булади! Астана мен Ташкентке «экономикалық нәзіктік» не үшін керек?

Хаммасы якшы булади! Астана мен Ташкентке «экономикалық нәзіктік» не үшін керек?

18 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: Ақорда

BM.KZ колумнисі Диана Ыдырыс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы интеграцияның неге кенеттен жеделдей бастағанын түсінуге тырысты.

Ресми баспасөз хабарламаларына сенсек, Қазақстан мен Өзбекстан расымен де қарым-қатынастың жаңа деңгейіне шықты. Стратегиялық әріптестік, альянс, миллиард долларларға бағаланатын бірлескен жобалар – бәрі үлкен саяси-экономикалық романның басталғанын көрсетіп тұр. Практикада біз сирек болатын синхрондылықты көрдік: екі президент бір мезетте жеті жобаны іске қосып, 17 келісімге қол қойды, көлік дәліздерін, энергияны, суды және мәдени бағыттарды талқылады.

Сырт көзге әдемі көрінгенімен, көкейде бір сұрақ қалады. Бұл – үлкен экономикалық серпілістің бастамасы ма, әлде, жай ғана әдептілік витринасы ма? Қазақстан интеграция туралы талай бастамалардың Кеден одағы деңгейіндегі қиындықтарға барып тірелгенін жақсы біледі. Сондықтан сандар мен ортақ пресс-релиздерге сүйсінбей тұрып, ойлану керек: қазіргі «экономикалық нәзіктік» бұрынғы талпыныстардан несімен ерекшеленеді және біз тек келісімдермен алмасудан бөлек, нақты қауымдастық болуға дайынбыз ба?

Ал сандар, шынымен, әсерлі: бірлескен жобаларға – 1,3 млрд доллар, өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы – 8 млрд доллар, өзара сауда көлемі 2030 жылға дейін 10 млрд долларға жетуі тиіс.

Екі президент онлайн режимде зауыттың, логистикалық хабтың, тұрғын үй кешендерінің, қонақ үйлердің, банктің және тағы да басқа инфрақұрылымдық жобалардың негізін қалады. Егер шындыққа тура қарасақ, индустрияландыру ешқашан бізде дәл қазіргідей азиялық стильде болмаған: жылдам, дауысты, уәде көп, ал мәнін соңына дейін түсіну қиын.

Иә, «Гулистан – Атамекен» шекарасындағы «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы шығысша сәнді естіледі. Мұнда жүктер тез өтеді, логистика арзандайды, бағыттарды қайта бөлу қиындықсыз жүзеге асады деп уәде етілді. Бірақ, кез келген жаңа шекара ғажайыбы ерте ме, кеш пе, «кеден рәсімдері» деген ескі кедергіге тап болатыны айдан анық.

Сауда мәселесі сөз болғанда, Астана мен Ташкент бұрынғыдай «қай қала басты?» деп жарыспайды. Енді екеуі шын мәнінде бірлесе әрекет етуге көшкен.

Мұндай жағдай әдетте мемлекеттер арасында сенім аз болып, бірақ сол кезеңнен сәтті өтіп, енді үлкен әлемге жападан-жалғыз емес, бірге қарсы тұру тиімді екенін түсінгенде болады. Қазіргі жағдайда – шындыққа қарсы біріккен. Өйткені, қазір бәрі Орталық Азияны тек басқа елдер үшін жүк өтетін транзит жолы ретінде көреді. Немесе оны біреулердің өз мүддесіне арналған геосаяси жобасы деп қарастырады.

Бірақ, шынын айтсақ, бұл достық сыйлық-ордендер мен жылы лебіздерге ғана негізделіп тұрған жоқ. Оны әлдеқайда маңызды нәрселер ұстап тұр – су, энергия, жол-көлік қатынасы.

Екі мемлекет шекарадан өтетін суды бірге басқару туралы келісімге қол қойса, бұл жай «достық» деген сөз емес. Бұл – бұрын су мәселесіне қатысты қиындықтар мен дау-жанжалдар болғанын көрсетеді.

Егер олар Ақтау, Құрық, Хоргос бағыттарын дамытып, немесе Үшқұдық – Қызылорда дәлізін ашса, онда бұл басқа елдердің геосаяси жоспарына әсер етуге деген талпыныс екенін түсінуге болады.

Ал қонақ үйлер мен тұрғын үй кешендеріне келсек – бұл посткеңестік елдердегі өзара инвестицияның жаңа дәстүрі: сырт көзге әдемі, сәнді, символдық мәні бар, мүмкін, шын мәнінде пайдалы жобалар.

Бірақ, соған қарамастан, жеңіл бір дежавю сезімі кетпейді. Біз – Шығыс халқымыз, ал Шығыс дауысты уәделер мен әдемі сандарды жақсы көреді. Бірақ бір негізгі сұрақ бар: бір жылдан кейін не болады? Камералар сөніп, келісімдер мен меморандумдар шынайы өмір талаптарымен бетпе-бет келгенде, бәрі қалай өзгереді?

Бұл «альянс» шын мәнінде жұмыс істей ме, әлде, жай ғана «жарқын болашақ» туралы презентациялар жинағы болып қала ма? Сол 8 млрд долларлық өнеркәсіптік кооперация нақты жеткізу тізбегіне айнала ма, әлде, камера жарқылы астында қойылған «алғашқы плите» сияқты бір реттік іс болып қалады ма?

Біз бұған бұрын да куә болғанбыз.

Дегенмен осы оқиғада маңызды бір нәрсе бар. Қазақстан мен Өзбекстан үшін бәсекелес болғаннан гөрі бірге әрекет ету әлдеқайда тиімді кезең басталды. Екі ел де өсіп келеді, екеуі де модернизацияға ұмтылып жатыр және екеуі де түсінеді: жеке тұрғанда, үлкен әлемдік ойыншылардың арасында олар тек статистика ғана.

Сондықтан, иә, пафосқа, бір-бірінде ашылып жатқан банктерге немесе шексіз «дамыту орталықтарына» күле беруге болады. Бірақ нақты дерек өзгермейді: екі ел арасында ұзақ уақыттан кейін алғаш рет протоколдық достық емес, ортақ экономикалық логика пайда болды.

Егер сол 1,3 млрд доллардың жартысы жұмыс істейтін өндірістерге айналса, ал бұл одақ бос сөз болып қалмаса – онда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыс расымен де әдемі сөздерден туған шынайы нәтижеге айналады.

Ал бұл – орден тағуға тұрарлық себеп! Және бір экс-әкім айтпақшы: «Хаммасы якшы булади!»

Өзбекстан ынтымақтастық экономика

Оқылып жатыр

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Әлем 20 мая, 2026

Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери…

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.