• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Су нысандарын жергілікті тұрғындар өздері басқаруы керек». Сарапшылар Су кодексін жетілдіруді сұрайды

«Су нысандарын жергілікті тұрғындар өздері басқаруы керек». Сарапшылар Су кодексін жетілдіруді сұрайды

8 апреля, 2024 Жаңалықтар

Мамандар Қазақстанның кейбір су нысандарында гидробекеттер жоқтығын айтып, Су министрлігіне қаратып бірнеше ұсынысын жеткізді.

Қазақстандағы су шаруашылығы сарапшылары мен ғалымдары қолданыстағы Су кодексін жетілдіру қажет деп есептейді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласында өткен «Су кодексі: су тасқынына дейін және одан кейін» атты талқылауда сарапшылар қазіргі су тасқының себеп-салдарына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ қолданыстағы кодексті жетілдіру қажеттігіне тоқталды.

Қазақстан-Британ техникалық университетінің инженерлік геоматика кафедрасының профессоры Жанай Сағин су тасқынын құрғақшылықтан шығу үшін пайдалану қажеттігіне тоқталды.

«Қазір су тасқыны болып жатыр, ертең құрғақшылық болады. Кез келген проблема екінші жағынан бәр мәселені шешуге мүмкіндік береді. Елімізде көп нәрсе табиғатқа қарсы істеліп жатыр. Оны жергілікті өзін-өзі басқарудың көмегімен реттеу керек. Қазіргі үлкен мәселе – урбанизация қарқыны. Мәселен, Астана батпақтың үсіне салынды. Алматы да шегінде тұр. Тек үлкен қалалар ғана емес, ауылдар да сығылыстырып, су басатын аймақтарда салынып жатыр. Соның салдарынан су өзінің табиғи жолымен қозғала алмайды. Табиғатқа бағынып, тағыз етіп сала беруді қою керек. Көптеген елдердің тәжірибесін зерттеп көрдік. Мысалы, Германиядағы суды жинау, басқару әдісін зерттедік. Бөгет салмай-ақ еріген суды ауыл, фермаларға жіберіп отырады. Фермерлерге ол тиімді, қажет суға ие болып, өнім алады. Сондықтан ол суды фермерлердің жеріне бағыттап отыру маңызды», — деді ол.

Сарапшының пікірінше, бұл әдісті енгізу үшін әр ауылдың немесе ферманың қасына тоған салып, оны үнемі тазалап, судың уақында өтіп тұруына жағдай жасау керек.

«Мәселен, совет кезінде ауылда үнемі арықтарды тазалап отыратын едік. Қазіргі күні барлық қала мен елді мекенде қарды кез келген жерге тастамай, осындай тоғандарға жинап отыру қажет. Сонымен қатар спутник арқылы елді мекендердің цифрлық моделін жасау керек. Барлық ауылдардағы суару жұмыстарын, қай жерді су басқанын өлшеп, аталған моделді жүзеге асыру қажет. Ол үшін колледждерде оқытып, маман дайындау керек. Тағы бір ұсынатын мәселе – жергілікті тұрғындар суды (бассейндерді) өздері басқаруы керек. Мен Канада мен АҚШ-тың бассейнінде жұмыс істедім. Халық, тұрғындар мен фермерлер барлық процесті өздері басқарады. Франция мен Германияда да солай, адамдар басқаруға белсене қатысады», — деді сарапшы.

«ӨЗІМІЗ ОТЫРҒАН БҰТАҚТЫ ӨЗІМІЗ ҚЫРҚЫП»

Сарапшы қарды тоқтату үшін орман белдеулерін көбейтуді қолға алу керек деп есептейді. Ол қыста қарды ұстамай, еріген суды ұстайтын тоғанға айнала алады.

«Бұл тәжірибені қайтадан қолданысқа енгізу қажет. Қазір елімізде су басқан өңірлердегі проблемаларды шолып шықтым. Мысалы, Ақтөбе облысындағы Елек өзенін алайық. Су басу қаупі бар аймақта көп елді мекендер салынған. Тіпті, Ақтөбедегі Кирпичный шағын ауданы батпақтың үстіне салынған. Сол ауданды жыл сайын су басады. Сол сияқты өңірдегі төрт ауыл – Қобда, Берсиевка, Ойыл мен Ырғызда жаңа жолдар салынғанымен, ағын суды өткізетін арна жоқ. Кішігірім тұрбалар салынғанымен мұз қатып, су өткізе алмайды. Су өз арнасымен ағып кете алмай, жолды басып қалып жатыр. Ал жергілікті тұрғындарды тыңдап жатқан ешкім жоқ. Республикалық жолдарды салғанымен, сол жердің тұрғындар ол процеске ықпал ете алмайды. Сондықтан тұрғындардың пікірін ескеріп, өз аумақтарында болып жатқан өзгерістерге қатыстыру керек», — деді ғалым.

Одан бөлек, Жанай Сағин табиғи геологиялық сутегі өндірудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан онымен айналыспайды, алайда құны қолданыстағы жасыл сутегіден 10 есе арзан болады.

«Канада, Францияда өте көп табиғи геологиялық сутегі өндіріледі. Мысалы, суды фермерлердің жерінде сақтап, кейін жер астына жіберуге болады. Ал біз Қазақстанда мұнымен мүлде айланыспаймыз. Өйткені бізде жасыл сутегіге көп мән береді. Егер ол суды жинайтын болсақ, бізде минерал өте көп. Жердің асында көптеген реакция болып жатады. Қазақстанның жер асты фабрикаларының әлеуеті зор. Бірақ біз тек жердің асындағы суды алуды білеміз, ал оны қалпына келтірумен айналыспаймыз. Мысалы, жасыл сутегі табиғи сутегіге қарағанда 10 есе қымбат. Сол себепті Қазақстанға табиғи геологиялық сутегіні қолға алатын кез келді. Оны өзіміз өндіріп, көршілерімізді су электр стансасын салмауға көндіруге болады. Қазақстан қазір керісінше, көршілеріміз су электр стансалары, бөгет салуын қаржыландырып жатыр. Егер оны салса, өзімізге су аз келеді. Бір сөзбен айтсақ, өзіміз отырған бұтақты өзіміз шауып отырмыз. Табиғи сутегі технологиясын енгізсек, көп мәселені шешуге болады», — деп толықтырды сөзін.

Бұған қоса, саорапшы жер асты минералды суын кәдеге жаратуға қатысты пікір білдірді.

Біздегі бір проблема – су біресе тым көп, біресе мүлде жоқ. Қаншама ағып жатқан артезиан суы бар, оны ешкім тоқтатып жатқан жоқ. Кейбір елдерде мектеп қабырғасынан бастап балаларды ұңғымаларды тексеру, жөндеуге үйретеді. Біздің колледждерде ондай бағдарлама жоқ. Колледждердің оқыту бағдарламасын күшейтіп, техниктерды даярлап, оларды ауылдардан бастап енгізу керек, — деді Жанай Сағин.

Ғылыми-техникалық және экономикалық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Әбіров Қазақстандағы ағын сулар басқарылмайтынын атап өтті.

«Су ресурстарын басқару тұжырымдамасында тазартылған ағын суды қалай пайдалану керек екені жазылмаған. Қазір Қазақстанда 2 млн текше метр ағын су бар. Бұрын бір зерттеу жүргіздік. Талдықорған мен Шымкентте ағын суды техникалық мақсатта суару үшін пайдаланылады. Қазақстанның қалған қалаларында ол су пайдаланылмай жатыр. Сондай-ақ саланың ғылыми дамуына қатысты сұрақ бар. Бүгінде айтарлықтай жаңалық ашқан ғалымдар жоқтың қасы. Қазіргі су тасқынының себебін түсіну үшін тереңіне үңілу керек. Кеңес заманында әр колхоз, совхозда штатта гидротехник маманы болатын: оның жұмысы су егінге қалай тасымалданады, тасқынның алдын алу үшін қандай іс-шаралар қабылданатынына жауапты. Қазір ондай маман жоқ. Нарық заманында жекеменшік кәсіпорындар үшін ондай маман ұстау артық шығын саналады. Бұрын су тасқынының алдын алу жұмысы күзгі егін жиналып біткенде басталатын. Қазір маман тұрмақ, канал жоқ. Ол су сосын ауылдарды баспағанда қайда барады?», — деді Асқар Әбіров.

«КЕЙ СУ НЫСАНДАРЫНДА ГИДРОБЕКЕТТЕР ЖОҚ»

Гидрометеорологтар мен климатологтар одағының жетекшісі Мереке Абдрахметов қауіпті табиғи құбылыстардың тізімін жаңарту қажеттігіне назар аударды.

«Ережеге сәйкес дабылды гидрологиялық ақпарат тек қана ұлттық гидрометеоролиялық қызметпен беріледі. 6 пунктен тұратын қауіпті гидрологиялық құбылыстардың бекітілген тізімі бар. Бүгінде проблема бұл тізімге су тасқыны мен жайылма су сияқты табиғи құбылыстар енгізілмеген. Бұл екеуі тек гидрологиялық табиғи құбылыс болғанымен, түрлі процестерден соң пайда болады. Жайылма су үнемі көктемде қардың еру салдарынан пайда болса, су тасқыны жаңбыр салдарынан жыл он екі ай бойы болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл екеуі қауіпті құбылысқа жатады. Себебі қауіпті және стихиялық гидрологиялық құбылыстардың айырмашылығы бар. Сондықтан барлық министрліктер қауіпті және стихиялық құбылыстардың тізімін қайта қарап, түзету енгізу керек деп есептеймін», — деді ұйым басшысы.

Сонымен қатар ол су тасқыны мен жайылма суды болжау кезінде туындайтын пробелемаға тоқталды.

«Әдетте бұл құбылыстар аумақтық болып келеді. Бұл процесстерді болжау қиын, әдетте ол үшін моделдеуді есептеу әдісі қолданылады. Мұндай модельді іске қосу үшін өте тығыз гидрологиялық жүйе болуы, сондай-ақ жоғары сапалы есептеу кластері, суперкомпьютер болуы керек. Сондықтан бізге гидрологиялық бекеттер мен жаңбырды өлшеу бекеттерінің тығыздығын қамтамасыз ету қажет. Дүниежүзілік метереологиялық ұйымның техникалық регламентіне сәйкес, бақылау бекеттерінің арақашықтығы әдетте 100 шақырым. Қазақстанда бекеттердің арақашықтығы 500 шақырымға дейін созылады. Кейбір су нысандарында гидробекеттер жоқ. Қазір талқыланып жатқан Су кодексімен таныстым. Онда гидрографикалық қызмет терминін таппадым. Бұрын гидрографикалық қызмет болған. Ол су балансын, сондай-ақ қауіпті гидрографикалық құбылыстар – су тасқыны мен жайылма суды есептеуде өте маңызды қызмет. Қазіргі су министрлігінің құрамында ол жоқ. Бұл қызметті жандандыру қажет деп есептеймін», — деді Мереке Абдрахметов.

Оқылып жатыр

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсандағы боран кезінде жоғалып кеткен адамдарды…

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.