Су тасқыны кесірінен үйлерінен айырылып қалған азаматтар енді әуе компанияларына шағымданып жүр. Мәселе — билет құны. Су тасқыны жағдайы күрделі болып тұрған облыстарда әуе билеттерінің бағасы шарықтап тұр. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары өздерінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәселен, Атыраудан Ақтауға ұшақпен жеткісі келген жолаушылар бір билет үшін 170 780 теңге төлеуге мәжбүр.
Атырау-Астана бағыты бойынша ұшатын рейстерге де билет құны жаға ұстатып отыр.
Қарғын су басқан облыстардан туыстарын алып кетпекші болған адамдар жаппай шағымданып жатыр.
«Бізге жаудың керегі жоқ, өзімізді өзіміз құртамыз. Ақтөбе облысынан туыстарымызды алып кетерде осындай қиындықтарға тап болдық…