Қазіргі су тасқыны жағдайына тоқтала келе, техника ғылымдарының докторы, «Су ресурстары» кафедрасының профессоры, ректордың кеңесшісі Михаил Сенниковтің пікірінше, бұл көптеген жағдайлардың тоғысуы. Мәселен, табиғи жағдайлар, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және батысында жауын-шашынның көп түсуі, инженер-гидротехниктерді, инженер-құрылысшыларды даярлаудағы олқылықтар.
«Бүгінгі таңда гидротехниктер 8 ЖОО-да даярланады, олардың саны жыл сайын азайып келеді. Меніңше, су маманының беделі өте төмен. Біз өз тарапымыздан осы мәселелерді шешуге үлесімізді қосуға ниеттіміз. Бұл мәселені білім беру бағдарламаларын өзгерту және су қызметкерлерін, желілік су қызметкерлерін қайта даярлау арқылы шешуге болады. Біз бұған дайынбыз. Біз жыл сайын «Қазсушар» қызметкерлерінің біліктілігін арттырамыз. Мұндай жағдай қайталануы мүмкін. Ал бізде оны болдырмауға қатысты ұсыныстар бар», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.