«Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі сағаттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің шығысында-түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр, батыста қатты жаңбыр күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі», — деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
СҚО-да ауа температурасы 2-7 градус, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында 5-12 градус, елдің орталығы мен шығысында 8-18 градус, Жетісу және Алматы облыстарында 10-17 градус, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 16-21 градус, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында 17-25 градус жылы болады.