«Қазгидрометтің» мәліметінше, өткен тәулікте Махамбет кентіндегі Жайық өзенінің гидропостында өзен деңгейінің көтерілуі 45 см, Атырау қаласында – 36 см құрады. Жағалауды нығайту жұмыстарын күшейту үшін тапсырыс беруші жергілікті атқарушы орган болып табылатын барлық жол, құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Ірі мұнай компанияларымен келіссөздер жүргізілді. Қазіргі уақытта қала 107 учаскеге бөлінген. Шамамен 673 бірлік техника және 7 мың ерікті жұмыс істеп жатыр. Соңғы 3 күнде 42 км жағалауды нығайту бөгеттері және 350 мыңнан астам қапшық төселді», — деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Оның айтуынша, жақын арада өңірге Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан қосымша ауыр техника келеді.
Жылыой ауданы бойынша жағдай тұрақталды.