• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Өзгерту қажет болса, бес жұлдызды ғана алып тастасын»

«Өзгерту қажет болса, бес жұлдызды ғана алып тастасын»

10 апреля, 2024 Оқиғалар

Тарихшы, Ұлттық музейдің «Қазақстан тарихы» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Сырым Хасеновтің пікірінше, елімізге 30 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан Елтаңбамыз – тұнған тарих. Ешқандай өзгерісті қажет етпейді.
«Жандарбек ағамыздың жасаған әрбір белгісі бүкіл этнографиялық салт-дәстүрімізді, тарихымызды, әдет-ғұрпымызды білдіретін символикалық рәміздер екені бесенеден белгілі. Онда сақ кезеңінен бастап бүкіл ата-бабамыздың тарихы, этнографиясы, салт-дәстүрі – барлығы көрініс тапқан. Сондықтан, өз басым өзгертудің қажеті жоқ деп санаймын. Бірақ қазір елтаңбада Кеңес одағының сарқыншақтары бар деген әңгіме айтылып жүр. Меніңше, бұл бес жұлдызға қатысты айтылған пікір», — дейді тарихшы.
Хасеновтің айтуынша, әу баста елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков сегіз қырлы жұлдыздың бейнесін ұсынған. Оның ішінде темірқазығы, бірнеше шоқжұлдызы бар. Бірақ оны марқұм Шот-Аман Уәлиханов бес жұлдызға өзгерткен.
«Сол кезде комиссия мүшелерінің арасында «бес жұлдыз – кеңес одағының сарқыншағы, оны алып тастау керек» деген пікірталас болған. Алайда Елбасының өзі араласып, бұл темірқазық – біздің жұлдызымыз, біз даму бағытымыз бар жас мемлекетпіз деп қалдырған екен», — деп бөлісті сарапшы.
Сырым Хасенов қазіргі елтаңбадан ешқандай мін көріп тұрған жоқпын дейді. Дегенмен, егер мемлекеттік рәмізге қандай да бір өзгеріс енгізу қажет болса, бес жұлдызды ғана алып тастау керек деп есептейді.
«Тіпті болмай жатса, бес жұлдызды алып тастасын. Ал қалғаны тұра бергені дұрыс», — дейді тарихшы.
Ол елтаңба тым күрделі, оны тану қиын деген пікірмен келіспейді.
«Көшедегі жастар біздің сақ кезеңінен бергі тарихымызды оқыса, бес саусақтай біліп тұрса, ата-салтымыздан, әдет-ғұрпымыздан, этнографиямыздан хабары болса, елтаңбаны баяғыда-ақ жаттап алатын еді. Демек, олар тарихты оқымаған, елтаңбаны зерттеп-зерделемеген. Ештеңе білмегеннен кейін, жастар сондай пікір білдіреді», — дейді аға ғылыми қызметкер.
Оның үстіне, Хасеновтің ойынша, елтаңбаны өзгерту бюджетке қосымша салмақ түсіреді. Мемлекет қазынасынан миллиардтаған ақша жұмсалады.
«Мынадай қиын жағдайда, елтаңбаны өзгертудің қажеті шамалы деп ойлаймын», — деп түйіндеді сөзін маман.

«Қазақстанның гербі – өте тамаша»

Белгілі экономист Сапарбай Жобаев та елтаңбаны өзгертуге қарсы.
«Қазақстанның гербі – өте тамаша, қазақи, қайталанбас өрнекпен жасалған. Ал «Жаңа адамдар» деген топ өздерінің жасанды абыройы үшін сауалнама өткізіп, біздің елтаңбаны жастар білмейді деп жалған ақпарат таратып жүр. Бұған сенімім мол. Меніңше, бұл гербтің авторы атанғысы келген немесе алдыңғы авторларға қысастық жасағысы келген адамдардың жұмысы. Әйтпесе басқа себеп көріп тұрған жоқпын. Олар эклектикаға тура келмейді, аутентичность, оригинальность жоқ деп мысал келтіріпті. Эклектика дегені – қазақ тарихынан келіп шығуы. Гербіміз – Қазақстанның тарихынан сыр шертеді. Шаңырақ, тұлпардың бейнесі – нағыз қазақы өрнектер. Ал аутентичность – қайталанбас дегені. Дүние жүзінде мұндай гербті көрген жоқпыз. Біздің гербті шетелдіктер көрсе танымайды-мыс, шаңырақты крест деп ойлап қалады-мыс. Бірақ біз оның астына «Қазақстан» деп жазып қойдық. Оқыған адам мұның Қазақстанның елтаңбасы екенін біледі. Жастар «болашақта біздің қандай жолмен жүретінімізді көрсетпейді» депті. Елтаңба бұл стратегиялық жоспар емес. Осындай болмағыр жасанды пікірлермен гербті ауыстырмақшы», — деп қарсы шықты сарапшы.
Оның айтуынша, елтаңбаның жоғарғы бөлігіндегі бес жұлдызды кеңес одағының сарқыншағы деу – ақымақшылық. Себебі ол дүниежүзіндегі бес материктің және көктегі жұлдыздың белгісі.
«Сондықтан гербті өзгертудің еш қажеті жоқ. Халық елтаңбамызға үйренген. Қазақстанның елтаңбасын балабақшадағы балалар да біледі. Халықтың наразы екенін билік те түсінсе керек. Әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жұрт қарсылығын білдіріп жатыр», — дейді Жобаев.

Депутаттар қарсы емес

Ал мәжіліс депутаттары елтаңбаны өзгерту туралы ұсынысты қолдап отыр. Себебі олар қолданыстағы герб жақсы жасалғанымен, онда Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тереңде жатқаны ескерілмеген деп санайды.
«Ол арғыдағы Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты, Ұлық Ұлыс – Жошы ұлысының, бергідегі Қазақ хандығының тікелей мұрагері. Бұл — ерлік пен өрлікке толы тарих. Биыл Қазақ даласында ту көтерген Жошы ұлысы – Алтын Орданың құрылғанына 800 жыл толуын атап өткелі отырмыз. Міне, Қазақ елінің осындай терең тарихи сабақтастығы, жауынгер ата-бабаларымыздың асқақ рухы, мемлекеттіліктің сұсы мен сесі, атағы мен айбыны Гербте көрініс тапса игі», — дейді мәжілісмен Абзал Құспан.
Оның әріптесі Еркін Әбіл «мемлекеттік гербте тарихи сабақтастық, ал Қазақстан ұлттық тәуелсіз мемлекет ретінде көрсетілмеген» деп мәлімдеді.
«Қазіргі Елтаңба – бұрынғы Қазақ КСР-ның өзгертілген гербі, масақтың орнына тұлпардың қанаттарын қойған, ал орақ пен балғаны шаңырақпен алмастырды. «ҚазКСР» деген жазу да өзгерді. Қалғаны сол күйінде қалды», — дейді депутат.

Елтаңба туралы не білеміз

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Герб термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Мемлекеттік елтаңба – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Тәуелсіздік жылдарында Елтаңбаның түсі, реңкі, формасы мен жазуы өзгеріске ұшырады. Жалпы, елтаңбаның бес стандарты жасалған. Соңғы рет «Қазақстан» деген сөз латын қарпімен жазылды.

Оқылып жатыр

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

Қарағандыда жалдамалы пәтерден екі жасөспірімнің мәйіті табылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

Басты тақырып 15 декабря, 2025

Астана. 15 желтоқсан. BM.KZ — Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушылары тарапынан…

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025

Жаңа жыл қарсаңында супермаркеттер азық-түлік бағасын төмендетеді

14 декабря, 2025

Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 декабря, 2025

Ақмола облысында адам саудасына қатысты 14 қылмыс анықталды

14 декабря, 2025

Футболдан 2026 жылғы ӘЧ билеттерінің бағасы шарықтап кетті

13 декабря, 2025

Қарағанды облысындағы кафе өртінен екі адам қаза тапты

13 декабря, 2025

Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды: зардап шеккендер бар

12 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді»

12 декабря, 2025

Зейнетақы жинағына пластикалық операция жасауға тыйым салынды

12 декабря, 2025

Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен

12 декабря, 2025

Алматыда аналарды сәбиін сатуға итермелеген қылмыстық топ қолға түсті

12 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.