ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында ведомство басшысының «2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығының жобасын дайындап, орналастырған.
Құжат демалыс күнін 4 мамыр, сенбіден осы жылғы 8 мамыр, сәрсенбіге ауыстыруды көздейді.
Осылайша, мамыр мерекелерінде қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 7, 8 және 9 мамырда демалады.